Введите ваш запрос для начала поиска.

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

Жарияланған: 27.11.2018


            Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде жоспарға сәйкес 2018 жылдың  15 – 24 қараша аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық іс-шарасы өтті. 

           Қоғам үшін бастысы – тәуелсіздік, адам үшін  бас бостандығы және уайым-қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адам және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.

           Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттердің бірі- бала құқығын қорғау, зорлық зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Зорлық – зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.

           Еліміздің басты бір мәселесі осы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес. Бала құқығын, әр азамат  толық білуі керек. Осы шараға байланысты 6-8-сыныптың сынып жетекшілері «Зорлық-зомбылықсыз өмір» тақырыбына тренингтер өткізілді. Бастауыш сыныптарда «Бақытты балалық шақ» тақырыбына тәрбие сағаттары өтті.

            Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің психологі Нуриденова Б.Н. 9-10 сыныптарға «Бала зорлығы-қоғам қасіреті» видеоролик, слайд көрсетілді. Оқушылар сұрақтар қойып ойларымен бөлісті. Мектеп кітапханашысы Икешева М.К. 7-10 сынып оқушыларына «Әлемді зорлық зомбылықсыз қалай құруға болады» тақырыбына баяндама оқыды. Мектептің әлеуметтік педогогы Омаркасова А.Т. 8-10 сыныптардан «Әлемді зорлық- зомбылықсыз құру жолдары» атты тақырыпта өз ойларынан эссе жазды. 

         Бастауыш сыныпттар арасында «Бақытты отбасы» тақырыбына сурет сайысы өтті оқушылар мақтау қағазымен марапаталды. Шараның соңғы күні музыка жетекшісі Әсетқызы Мөлдір «Балалар біздің болашағымыз» атты шағын мерекелік концерт өткізіді.

 

жазған:әлеуметтік педагог Омаркасова А.Т.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы