Введите ваш запрос для начала поиска.

«Зорлық – зомбылық қоғам қасіреті»

Жарияланған: 20.11.2018


Үшқұлын жалпы негізгі орта білім беру мектебінде «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанына қатысты 1-4 сынып оқушылар арасында  «Балаларды ренжітпеу, кемсітпеу» «Балалық шақты қорғау заңдары» атты тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға  зорлық- зомбылық туралы  мағлұмат беру,  адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы  біздің елімізде  заң бар екенін жеткізу. Оқушыларға  өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға,  адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға,  әдепті де, тәртіпті тұлға болып қалыптасуына ықпал  ету.  

Тәрбие сағаты барысында оқушылар топпен жұмыс жасап,  белсене қатысты. Оқушылар   құқық сөзіне  постер  құрап  топ басшылары  ортада  қорғады. Тапсырмалар өте  қызықты, көрнекіліктер тақырыпқа сай қолданылды. Қорытынды бөлімде оқушылар өз ойларын жинақтап қандай  ой  түйгендерін  айтып  өтті. 

Үшқұлын  меткебі бастауыш  сынып

  мұғалімі:  Әділхан  А.Р.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы