«Жыл мұғалімі-2019» иегері

Жарияланған: 21.10.2019


         №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі Дархан Маратұлы Жұмабаев шәкірт жүрегіне жол тауып, өзінің еңбек жолында орасан зор сара жол қалдырып келе жатқан маман.

          Дархан Маратұлы 2014 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі атанды. Өзі түлеп ұшқан алтын ұя мектебіне оралып, ұстаздық қызметін бастады. Дархан Маратұлы сол жылдан бері өзінің сыпайы, сабырлы мінезінен таймай, бүгінгі күні ұстаздар алдында да, оқушылар мен ата-аналар алдында да өте беделді, белсенді. Алғашқы күннен бастап ол өз ісіне берік, жүктелген міндеттемелерге жауапкершілікпен өте тиянақты қарайтындығын байқатып жүрген азамат. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды өзіне мақсат еткен Дархан Маратұлы бүгінде түрлі аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстардың жүлдегері.

         Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін болашақ ұрпақ тәрбиесіне жұмсайтын Дархан Маратұлының еңбегі ерекше.

         Дархан Маратұлы сабақты жоспарлау барысында жүйелілік пен ұқыптылыққа қатты мән беретін ұстаздар қатарына, яғни, оқушылардың білім-білігіне, тәрбиесіне жіті қадағалауды, болашақтың негізін құрайтын өзінің тәрбиелеп жатқан оқушылары екенін жан жүрегімен сезіне білетін ардақты ұстаз қатарына жатады. Бүгінгі күннің талабы бойынша жаңартылған білім беру мазмұны аясында Дархан Маратұлы әр түрлі әдіс-тәсілдерді орынды қолданып, шәкірт жүрегіне жол тауып, білім-біліктілігін арттыру барысында бірнеше ашық сабақтар беріп, ұстаздармен өзара тәжірибе алмасу сабақтарын (аудандық, облыстық көлемде), коучингтер өткізіп жүр.  

        Жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге баса мән беріп, оқушылармен тыңғылықты жұмыс істейді. Дархан Маратұлы – ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыр-сырын таба білетін өз ісінің білікті маманы, шәкірттерінің сүйікті мұғалімі.

        Ашық мінезінің арқасында айналадағы адамдармен тез тіл табысып, білгенін өзгелерге жан-тәнімен үйретуге тырысып келеді. Сондай-ақ, Дархан Маратұлының жинақталған білім тәжірибесі оқушыларға көмек беруге және әр істі тыңғылықты атқаруға жұмсалады. Дархан Маратұлы дайындаған оқушылар да түрлі ғылыми, әдеби байқауларда жүлделі орындар иеленіп жүрген жайы бар. Бұл да ұстаздың еңбегінің еленіп жатқандығының белгісі деп білеміз.

         Алдағы уақытта мектебіміздің ардақты ұстазы Дархан Маратұлына шығармашылық табыс, қажымас қайрат, талмас қанат, деніне саулық тілей отыра, оқушылардың білім-білігін дамыту жолында еңбегі жана беруіне тілектеспіз.

 

Жұлдыз Дәулетбекқызы,

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы