Жеңіс күні Қызылтауда аталып өтті

Жарияланған: 14.05.2019


9 мамыр сағат 10:00-де Ж.Аймауытов ауылында  Жеңіс күні мерекесіне орай митинг өтті. Митинг «Соғыстан қайтпаған боздақтарға арналған ескетркіш» алдында өтті. Митингке тыл ардагерлері, ауыл әкімі Р.Мұқашев,  мекеме басшылары, ұстаздар, ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары қатысты. Мерекелік шараны ауыл әкімі Р.Мұқашев ашып, жиналған қауымды «Ұлы Жеңіс күнімен» құттықтап, сол бір кездердің қайталанбауын және жиналған қауымға зор денсауылық, ұзақ ғұмыр, әр бір отбасыға құт-береке тіледі. Сонымен қатар мектеп директоры Қ.Қырықбесов және ауыл имамы С.Кусен сөз алып, ауыл тұрғындарын құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

Сағат 20:30-де Ж.Аймауытов ауылдық асханасында ауыл тұрғындарымен ұйымдастырылып ас берілді. Ауылымыздың имамы К.Садихан соғыста құрбан болған ардагер боздақтарға арнап дұға оқыды.  

Ж.Аймауытов ауылының атшабарына бәйгені тамашалуға халық көптеп жиналды. Қызылтау ауылдық округі Ж.Аймауытов ауылында 9 мамыр – Жеңіс күнінің 74 жылдық мерекелеріне арналып мамыр айының 8-ші жұлдызында  «Тай жарыс», «Құнан жарыс», «Топ бәйге» ат спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын насихаттау, ата-бабамыздан келе жетқан атбегілікті жалғастыру, жастарды патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрге тәрбиелеу, Елбасының жолдауынан туындайтын іс-шараларды жүзеге асыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткізілген шараны Қызылтау ауылдық округінің әкімі Руслан Рахметоллаұлы Мұқашев салтанатты түрде ашып, алыс-жақыннан жиналған ұлттық ат спорттының өрендеріне сәттілік тіледі. 

Тай жарысынан I орын Сламбеков Асылбектің «Томирис» атты сәйгүлігіне, II орын Торайғырлық Баршынбаев Әсеттің «Ұшқын» атты сәйгүлігіне, III орын Сламбеков Ақылбектің «Гаухартас» атты сәйгүлігіне бұйырды.

Құнан жарысында Жанатілектен келген қонағымыз Есманов Бейбіттің «Жанай» атты сәйгүліне бұйырса, Мубараков Нұржанның «Әсемторы» атты сәйгүлігі II орынды, ал III орында Байкин Әділбектің «Көгершін» атты сәйгүлігі келді.

«Топ бәйге» жарысында Тасыбаев Еріктің «Нұртөбела» атты сәйгүлігі І орынды иеленіп, Адамкулов Марленнің «Байрақ» атты сәйгүлігі мәре сызығын екінші болып кесті. Ал ІІІ орын Торайғырдан келген қонағымыз Қайратов Азаматтың «Гарант» атты сәйгүлігіне бұйырды.

Шара соңында ауыл әкімі Р.Мұқашев жеңімпаздарды мақтау қағазымен,  ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 09 мамыр күні сағат 11:00-де Лекер ауылының клубында Ұлы Отан соғысының жеңісіне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шараны Қызылтау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Шайхин Жомарт Жарылғасынұлы құттықтау сөзін сөйлеп, құттықтады. Сонымен қатар Лекер ауылдық клубының директоры Смағұлов Берік Елемесұлы, көркемдік жетекші Жусупбаева Гүлназима Ғапуқызы және кітапханашы Сүлейменова Әлия жиналған қауымды құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Концерттік бағдарламада Лекер ауылының өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.  Сонымен қатар Лекер ауылында да «Тай жарысы» ұйымдастырылды.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші осындай ұйымдасып атқарылған дүбірлі дода ауыл тұрғындары мен келген қонақтардың көңіл-күйін көтеріп, үлкен қуанышпен әкімшілік, мәдениет үйінің, ауылдық клуб және мектеп ұжымының қызметкерлеріне ризашылықтарын айтып тарқасты. 

 

  Букеева  Әсем, Қызылтау ауылы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы