Жаз- 2019

Жарияланған: 19.06.2019


Баянауыл №2 жалпы білім беру орта мектебінде 1 маусым мен 17 маусым аралығында жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагері өз жұмысын жүргізді.

Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, шәкірттің ішкі жан-дүниесін жаңартып, рухани азық болып, соныда жарқын құбылыстарға жетекші бола бермекші.

Лагерьге келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру болып табылады.

Мектеп жанынан ашылған лагерьдің әр күнін тиімді өткізуге тырыстық. Мектеп директоры Шынар Ильдебаевна Мурсалова лагерьдегі балалардың барлық жағдайын жасады .

1 маусым күні «Демаламыз, күлеміз» тақырыбында іс- шаралар ұйымдастырылып, лагердің ашылуына арналған салтанатты  жиын өткізіліп, «Халықаралық Балаларды қорғау күні» мерекесіне  арналған іс- шараларды тамашалауға ауданымыздың орталығына С.Торайғыров атындағы Мәдениет үйінің алдына барды. Онда түрлі массалық билер, ойындар, ертегі кейіпкерлерінің қызықты қойылымдары өтті. Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.

Мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімдері таза ауада түрлі қызықты ойындарды өткізіп, балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Ойындар арасында мектеп психологы, кітапханашы, аға тәлімгер, топ тәлімгерлері, үйірме жетекшілері және дене шынықтыру мұғалімдері ат салысты. Мектеп психологы оқушыларды тест, әңгімелесу және ойын арқылы балаларды бақылады, мектеп кітапханашысы оқушыларға әртүрлі қызықты ертегілерді оқып, әдеби кітаптарды оқуға баулыды.

Мектептің тәлімгері оқушылармен таза ауада ойындар ойнап, би билеп, әртүрлі сайыстар жүргізіп отырды. Дене шынықтыру мұғалімдері спорттық іс – шаралар жүргізді. Күнделікті таңғы жаттығу флэшмоб музыкалармен билеуден бастайды.

Балаларға таңғы жаттығудан көрі таңғы жақсы ән мен би көңілдерін көтеріп отырды. 04 маусым ҚР рәміздер күніне орай ауданымыздағы орталық алаңына барып мерекелік концертті тамашалады. Балалар ауданымыздағы Қ.И.Сәтпаев атындағы мұражайға,  аудандық балалар кітапханасына, Жаяу Мұса атындағы өнер мектебіне саяхат жасады.  

Сурет, қолөнер, мақал-мәтелдер, жарысында балалардың шығармашылығы ұйымдастырылды. Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығы артты. Жазғы мектеп жанындағы лагерь өз жұмысын ойдағыдай, қызықты өткізді.

                                         «Жас журналист» тобының жетекшілері:

К.Т.Солтанова,

                                                                                                                      Г.Е.Музапарова

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы