«Жақсылық жасауға асығайық»

Жарияланған: 17.10.2018


«Қайырымдылық  жасасаң,  қайырымын  өзің  көресің» - деген  халықтың  дана сөзі  тегін  айтылмаса  керек.  Қайырымдылық  жасау  қазақтың  атпалдай  азаматтарының  бойындағы адамгершілік,  мейірімділік, тұлғалық  қасиеттің  белгісі.  Осындай  қасиетке  ие  біздің мектепке  жыл  сайын «Мектепке жол»  акциясы  барысында  қолұштарын  созып,  көмекке  дайын  тұратын  жеке  кәсіпкер  А.С Камашев,  АО «Алюминий Казакстан» президенті  Р.С. Романов биылда  белсенділік  танытса,   биылғы  жылы  Майқайың кентінің «Пневмоударное бурение»  өндірісінің  директоры  Т.О Кабдулов «Мектепке  жол» акциясы  барысында    көп балалы, аз қамтылған  отбасынан анықталған  оқушыларды  киіммен  қамтыды.

Осындай  әркез жүректері  кең, пейілдері  ақ,  жақсылық жасауға ұмтылып тұратын, оқушыларымызға  бақытты балалықтың қуанышына сыйлаған  азаматтарға  мектеп  әкімшілігінің атынан  алғысымызды  білдіреміз!

   

      Үшқұлын  жалпы  негізгі  білім  беру  мектебінің

        тәрбие ісі  меңгерушісі  Бораншы  С.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы