• Меню » Жаңалықтар » Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдерінің семинары

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдерінің семинары

Жарияланған: 29.10.2018


         2018 жылғы 29 қазан №2 жалпы орта білім беру мектебінің акт залында  «Аудан мектептерінде ағылшын тілінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тиімді енгізу және оқыту сапасын арттыру» тақырыбында аудандық семинар өтті. Өзара тәжірибе алмаса отырып, пәндер арасында кездесетін мәселелерді бірлесе шешу жолында ауданымыздағы барлық мектептерден 25 жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден сабақ беретін мұғалімдер мен Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатына Ауғанстан елінен келген Хазизи  волонтер семинарға қатысты.

         Ауданымызда 13 жалпы орта білім беру мектебінде химия, биология, физика, информатика пәндері үш тілде өткізіледі.28 мұғалім өз білім жетілдіріп тиісті деңгей сертификаттарын алды.

         Пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту әдістемесі негізінде (CLIL) оқыту тәжірибесін жетілдіру, жаратылыстану-математикалық бағыттағы және қазақ, орыс, ағылшын тілі мұғалімдерінің мектепішілік пен аудандық шығармашылық тобы құрылды.

         №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің шығармашылық тобы талқылауға арналған сұрақтар төңірегінде өзара ой бөлісті.

         Қорыта келгенде семинар өте жоғары деңгейде өтті. Ұстаздар көкейлерінде жүрген сұрақтарының жауабын осы семинардан алды.

Мәншүк Шумақова

Баянауыл аудандық білім бөлімінің әдіскері

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы