«Жаныңда жүр жақсы адам»

Жарияланған: 26.10.2018


Оқушылардың бойында жақсылық, ізгілік, қайырымдылық, жанында жүрген жақсы адамдар туралы танымдарын қалыптастыра отырып, ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын, жақсылыққа, жақсы адам болуға қызығушылықтарын ояту, адам бойындағы жақсы қасиет туралы терең мағлұмат беру, Қазақстанның болашағының дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұрға екендігін ұғындыру, жақсы адамдарды үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу  мақсатында Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында«Жаныңда жүр жақсы адам» атты 6 сынып тәрбиеленушілерімен тәрбие сағаты өткізілді.

«Жақсы жігіт –ел жұртының қаласындай,

Жақсы әйел- бүкіл жұрттың анасындай.

Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,

Көреді бәрін де өз баласындай»- деп Сүйінбай Аронұлы атамыз айтып кеткендей, жақсы адам – әрқашан айналасына жылу сыйлап жүруі тиіс. Оқушылар айналамызда жүрген жақсы адам көп, олардың бірі - досым деп біледі. Сол достары туралы сипаттама жазып, оларды жақсы жағынан таныстыра білді. Тәрбие сағатында Фариза Оңғарсынова апамыздың «Ей, адамзат», Мұқағали Мақатаев атамыздың «Дос болам десең» өлеңдері оқылып, жақсылық пен жамандық туралы мақал-мәтелдермен өрнектеліп, вокалдық топтың орындауында «Бала тілегі», «Атамекен» әндері орындалды. Тәрбиеленушілер сұрақтар қойып, нақты жауаптарын алды. Тәрбие сағаты соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті.

 

Қалқаман Айғаным Қорғанбайқызы

6 сынып тәрбиешісі

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы