Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

Жарияланған: 18.05.2019


15 мамыр 18.30-да Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы тәрбиесі-өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі»тақырыбында  барлық орта білім беру ұйымдарында бірдей уақытта жалпыұлттық ата-аналар жиналысы болды. Мақсаты, отбасылық тәрбие мәселелерін талқылауға ата-аналарды қатыстыру, олардың жауапкершілігін және балаларды тәрбиелеудегі рөлін арттыру.  Жиналысқа Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Төлегенов Рүстем Аманжолұлы, Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гүлнұр Құрманқызы, Аудандық «Баянтау» редакциясының арнайы тілшісі Жұлдыз Айтмұханқызы және аудандық емхана қызметкерлері арнайы  келіп қатысты. 
Мектеп директоры Дүйсенбек Байронұлы ата-аналарды мектептің жалпы жағдайымен және іске асырылған жұмыстарымен таныстырып, білім саласында болып жатқан өзгерістерге тоқталып өтті. Күн тәртібіндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау, 1-сыныпқа қабылдау, ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту. Осы аталмыш тақырыптарда  мектеп директорының оқу-тәрбие орынбасарлары, Қамқоршылық кеңес төрайымы, әлеуметтік педагог, психологтары есеп берді. Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі бойынша арнайы бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар, жаз айларындағы балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстау керек екені ата-аналарға ескертілді. Қорытындысында, ата-аналар тарапынан алғыс сөздер айтылып, мектеп  ұжымымен ата-ана арасындағы ынтымақтастық өте жақсы,-деген  ойларын білдіртіп жатты. Жиналыс ынтымақтастық атмосферасында өте жоғары деңгейде болды. 

Л.Т.Абишева «Зейтін Ақышев атындағы ЖББОМ»КММ
ДТІЖО

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы