Жайдарлы жаз

Жарияланған: 05.07.2019


         Оқушылар үшін ең қызықты мезгілдердің бірі – жаз айлары. Бұл орайда балалар алаңсыз асыр салып ойнап, бір жасап қалады. Жыл сайын барлық бүлдіршіндерге арналып әр мектеп жанында жазғы сауықтыру лагерлері жұмыс істейтіндері белгілі. Жылбек  Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектеп жанындағы ашылған «Күншуақ» атты жазғы сауықтыру алаңы да өз жұмысын ойдағыдай атқарды. Биыл  лагерьде екі ауысым бойынша 50-ден астам бала демалды. Лагерьге бірінші кезекте көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары тартылып, олардың жазғы демалыстарын есте қаларлықтай қызықты өткізу, денсаулықтарын жақсарту мақсатында біршама жұмыстар атқарылды.  «Күншуақ»  сауықтыру лагерінде балалардың алаңсыз демалуларына жағдай жасап қана қоймай, уақыттарының тиімді өтуіне ұстаздарының да атқарған еңбектері зор.

Атап айтар болсақ: 1 маусымда «Балалық шақтың бал күні» атты тәрбиешілердің қатысыуымен мерекелік іс-шара өтті. Оған бүлдіршіндердің жақсы көретін мультфильм кейіпкерлерін «Фиксики» А.Мыкраева мен Р.Толегенова, «Жаз ханшайымы»  М Айтимова, «Күн  аруы» З.Батабаева, «Ара  Мая» Б.Салимова , «Сатушы» С.Бозкен сомдап, балаларға қуанышты көңіл сыйлады. Сонымен қатар «Күншуақ» сауықтыру алаңында «Рәміздер күні», «Алма», «Қызғалдақ», «Атқа міну», «Қымызмұрындық»,  «Ауырмайтындар», «Нептун» атты іс-шаралар ұйымдастырылды.  Ұстаздардың  өткізген  іс-шараларына  оқушылар белсене қатысып, өз өнерлерін көрсете білді. Лагерь барысында оқушыларымыз ауданымыздың көрікті жерлеріне саяхатқа және Қ.Сәтбаев мұражайына және ата-аналардың демеушілігімен Екібастұз қаласына циркке барды.

      Лагерьдің  дәстүрге  айналған бір жақсы игі шаралардың бірі, ол табиғат аясына саяхатқа  шығып демалу. Оқушыларымыз табиғатқа шығып, демалғанды ұнатуына байланысты саяхатқа жиі шығып отырып, түрлі спортық ойындар ойналды. «Күншуақ» сауықтыру алаңының жабылуына  «Жайдарлы жаз» атты мерекелік іс-шараны көркем жетекшісі Р.Рахметованың ұйымдастыруымен өтті. Бұл іс-шарада балалар өздерінің өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл сыйлады. Шара соңында белсенді қатысқан оқушыларға рахмет айтылып, тәтілер мен балмұздақ таратылды.

      Осылайша, балалардың жазғы демалыс күндері қызықты өтті.   

                                                                              

    

Тәлімгер  Батабаева З.Х.

Баянауыл ауданы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы