Жаңашылдық әлемінің жеңімпаздары

Жарияланған: 17.05.2019


2019 жылғы 16-17 мамыр күндері Павлодар қаласындағы «Көлік және коммуникация» колледжінің базасында «Kazrobotics-2019» облыстық робототехника фестивалі өтті.

Аудан бойынша Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты, №2 Баянауыл жалпы орта білім беру мектебі, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі, М.Ж.Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі қатысты.  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінен 2 команда қатысты.

«Шагающие роботы» атты бөлімінен жоғары сынып оқушылар арасынан  9-сынып оқушылары Нұртілек Мыңтай пен Әли Саяқ және «Эстафета» бөлім құрамында Нұрасыл Рахымтай мен Жанасыл Абдрахман командасы I орын алды. Кіші топ оқушылар арасынан 6-сынып оқушысы Райымбек Марат, 7-сынып оқушысы Ерхан Махмутов I орын, 5-сынып оқушылары Қасиет Баян мен Аян Ахмет II орынды жеңіп алды. Жетекшілері ағайынды физика-роботехника және информатика  пәнінің мұғалімдері Данияр мен Асқар Хамзаұлы Аюповтар.

Ал, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушылары Аңсар Жексембек пен Кеңес Әйтімбетов жүлделі I орынды иеленді. Жетекшісі Бақтияр Сансызбайұлы Кирмандаев.

 3 командамыз Шымкент қаласында өтетін байқаудың  Республикалық турына өтті.

Гүлмира Қабдымүлікқызы Қошанова

Баянауыл аудандық білім бөлімінің әдіскері

                                                     

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы