Жаңа жылдық сыйлықтар!

Жарияланған: 27.12.2018


2018 жылы 1 тамыз күні Майқайың кентінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі алғашы рет жеке кәсіподақ ұйымын бекіткен болатын. Осыған орай «Қазақстандық салалалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының қолдауымен және мектебіміздің кәсіподақ орталығының ұйымдастыруымен ұжымымызға Жаңа жылдық сыйлықтар тарату етілді.

Сонымен қатар іс-шараны бастамас бұрын мектебіміздің директорының оқу ісінің орынбасары Шахметова Бақыт Нұрмуханбетқызы ұжымымызға өзінің ізгі тілегін жеткізді.

Мерекелік шараға ұйымымыздың барлық әріптестері шақырылды. Мерекелік шара қызықты әрі көңілді өту үшін әр қызметкер өздерінің тақпақтарын, өлең-жырларын ала келді.

Шара соңында кәсіподақ төрағасы, жаттықтырушы бапкер Сагындыкова Орынбасар Ахметжанқызы мен кәсіподақ мүшесі, әдіскер Лупарева Альфия Альжановна қызметкерлерге сыйлықтарын таратты.

Келе жатқан Жаңа жыл баршанызға тек қуаныш әкелсін!

 

                                                                       Шахметова Б.Н.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы