Жаңа жыл мерекесі

Жарияланған: 04.01.2019


Жаңа жылды  барлығымыз асыға күтеміз,  себебі ол кішкентай бүлдіршіндердің де , ересектердің де сүйікті мерекесі. Ертегіге сенбесек те, жүрегіміздің түкпірінде Жаңа жылдан бір сиқырды күтіп,  мерекеге тыңғылықты дайындаламыз. Осы мерекеде армандаған арманымыз, тілеген тілегіміз орындалады деп Жаңа жыл ертегісіне, жылтырауыққа оранған ғажайып шыршаға, Аяз Ата мен Ақшақар қызға сенеміз.

Міне,  осындай Жаңа жылға арналған Ж.Ағаділов атындағы  жалпы орта білім беру мектебінде рухани жаңғыру аясында «Жарқыра,Қазақстан! Жарқыра, туған жер!» атты мерекеге жауаптылар: шағын орталық /А.И.Кожанбаева/,  бастауыш буын /2-сынып, М.К.Айтимова /, орта буын /5 «А»-сынып, С.З.Кошланова/, жоғарғы буын /11-сынып, Р.М.Рахметова іс-шараны  қызықты етіп өткізді.

Оған барлық сыныптың оқушылары қатысып, Аяз ата мен Ақшақарға  дайындаған өнерлерін көрсеті. Осы мерекенің басты кейіпкерлерінің қолынан тәттілер мен сыйлықтарды алған балалардың  жүздерінде қуаныш  оты ойнады.

Балалардың жүздеріне қуаныш сыйлап, шырша мерекеміздің  көңілді өтуіне  демеушілік көрсеткен ауылымыздың шаруа қожалықтары: «Мәди» Ж.Суюндыков, «Абай» А.Опбаев, «Арман» Б.Хакимов, «Ботакөз» Б.Сатыбалдин, «Мәди» А.Акболин, кәсіпкер Қ.Жумабеков,  , Д.Мукашав, М.Қорабаев,    А.Бейсенбаев,  Майкөбе 20 оқушыға тәтті сыйлық берген, тағы басқа азаматтарымызға әкімшілік атынан алғыс білдіреміз.

 

Ә.Нескенова

Жас тілші

Бірлік ауылы

фото Кулкашев Н.Р.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы