Введите ваш запрос для начала поиска.

«Жұқа мұздың қауіптілігі»

Жарияланған: 19.11.2018


Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында 1-5 сынып оқушылар арасында  Баянауыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы О.Т.Түсіпов, №5 жедел құтқару тірегінің бас құтқарушысы С.Б.Джанкулов, құтқарушысы К.А.Евченко қатысуымен  «Жұқа мұздың қауіптілігі» жөнінде баяндама оқып, ережелермен таныстырды.

Жеделқұтқару бөлімінің аға құтқарушы Джанкулов Сайт Бектайұлы «Мұздан, абай бол!»  тақырыбында бейнеролик көрсетіп, слайд арқылы оқушыларға түсіндірді.  Оқушыларды мұзда өзін-өзі ұстау қағидасы туралы және  ережелерді сақтауға шақырды. Келген мамандарға  оқушылар сауалдар қойып,  жауап алды. Жарақаттанудан сақтан, мұздан абай бол!

 

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру 

мектеп-интернатының директордың

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Саликова Елмира Мергенбайқызы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы