• Меню » Жаңалықтар » «Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ «Алау» жазғы сауықтандыру лагері

«Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ «Алау» жазғы сауықтандыру лагері

Жарияланған: 13.06.2019


Оқушылардың жазғы кезеңдегі бос уақыттарын ұйымдастыру мақсатында мектебімізде  «Алау» сауықтандыру лагері жұмыс жасайды.. Лагерге 270- оқушы қатысуда. Лагерге көп балалы, азқамтамасыз етілген отбасылардың балалары тегін ыстық тамақпен қамтылды. Лагерде І кезеңде 65- оқушы, ІІ кезеңде 60- оқушы қамтылса қалған оқушылар аула клубтарына тартылды.

Аула клубтары:«Жасыл ел» экология отряды ,Ағылшын тіліне саяхат,Шахмат әлемі ,Үш тілділікке саяхат ,Ән әлемі,Робототехника,Жас тілші,Асық ойнау ,Шағын футбол ,Ұлы даланың жеті қыры» үйірмесі жұмыс жасауда.Мектебіміздің экология отрядының оқушылар «Таза болса табиғат» деген ұранмен «Таза көл»акциясын өткізіп, Сабындыкөлдің айналасын жинап,әр түрлі қоқыстан  тазалады.

Биылғы жылдың ерекшелігі «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында  мектебімізде  «Ұлттық дәстүрді жаңғырту»жобасы іске асырылуда. Бұл жобада оқушыларға  ұлттық дәстүрімізді дәріптеу мақсатында  атқа мінгізу, ат әбзелдерін таныстыру және саятшылық өнерімен таныстырып, тәжірибе жүзінде көрсету. Жазғы лагерьде Баянауылдың сокралды, қасиетті жерлеріне барып, оқушылар саяхаттады.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы