Үздік мектеп мұражайы

Жарияланған: 08.11.2018


2018 жылдың 1 – 2 қараша аралығында Астана қаласы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында білім және Ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша мұражай педагогикасы құралдары арқылы өскелең ұрпақты әлеуметтендіруді және бірегейлігін қалыптастыру процесінде жаңа тәсілдемелерді іздеу мақсатныда республикалық «Үздік мектеп мұражайы» конкурсы өтті. Конкурсқа еліміздің облыстарынан 19 үздік мектеп мұражайы қатысты.

Павлодар облысынан конкурстың өңірлік кезеңінін жеңімпазы Баянауыл ауылындағы Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп – интернатының мұражайы бақ сынасты. Конкурс қорытындылары бойынша «Әдебиет мұражайлары» номинациясында біздің мектеп мұражайымыз жүлделі ІІ орынға ие болды. Аталған конкурста Ш. Айманов атындағы мектеп – интерантының оқушысы Жұмат Жанғозы мен жетекшісі Бейсекеев Асылан Павлодар өңірінің намысын қорғады.

                                           Ш.Айманов атындағы ЖОББ мектеп-интернатының

            Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары

Саликова Елмира Мергенбайқызы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы