Заңнамалық актілер

Жарияланған: 19.09.2019


Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 21 қаңтарда мүліктік құқықтарды, арбитражды қорғауды күшейту, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңды одан әрі гуманизациялау сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осылайша, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 252-бабының 7 тармағына өзгерістер енгізілді. Бұрын сот орындаушысының борышкердің екінші деңгейдегі банктердегі шоттарын тексеру туралы қаулысы сотпен мақұлданса, қазіргі күні ол прокурор немесе сот тарапынан мақұлданады.

Сот орындаушысының мақұлдануға жіберілген материалдар сотпен немесе прокурормен материалдар түскен күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде қаралады.

Санкцияны беруден бас тартқан жағдайда, сот санкция беруден бас тарту туралы дәлелді ұйғарым, ал прокурор – электронды құжат түрінде қаулы қабылдайды. Сонымен қатар егер прокурордың санкцияны беруден бас тарту бойынша қаулысымен келіспеген жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте жоғарғы прокурорға немесе сотқа шағымдануға болады.

Сонымен қатар борышкердің шотына тыйым салу кезінде жеке тұлғаның ағымдағы есепшотында сақталатын айналым соммасы Республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген тиісті қаржылық жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен кем болмауы тиіс.

Мемлекеттік сот орындаушыларына: әділет органының мөрімен куәландырылған және прокурормен санкцияланған мемлекеттік сот орындаушының қаулысына сәйкес өзінің өндірісіндегі атқарушылық өндіріс істері бойынша, өндіріп алу соммасы шегінде заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшенің банк шоттарының нөмірлері және оның бары туралы, сол шотта ақшаның болуы жайлы бөлігінде ғана;

Жеке сот рындаушыларына: өзінің жеке мөрімен куәландырылған және прокурормен санкцияланған, немесе жеке сот орындаушының қаулысына, немесе жеке мөрмен куәландырылған оның көшірмесіне сәйкес өзінің өндірісіндегі атқарушылық өндіріс істері бойынша, өндіріп алу соммасы шегінде заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшенің банк шоттарының нөмірлері және оның бары туралы, сол шотта ақшаның болуы жайлы бөлігінде ғана бұрын сотпен санкцияланған болса, қазіргі кезде прокурормен санкцияланады.

Сонымен бірге сот орындаушы атқарушылық құжаттаты орындауды қамтамасыз ету бойынша біруақытта борышкерге тиесілі өндіріп алу соммасы шегінде барлық мүлігіне тыйым салуға құқылы.

Бірақ бұл өзгерісте сот орындаушы келесіге тыйым салу құқығы жоқ:

1. мемлекеттік бюджеттен және (немесе) әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерге арналған банк шоттарындағы ақшаға;

2. тұрғын үй төлемдеріне төленуге тиесілі банк шоттардағы ақшаға;

3. тұрғын үй төлемдерін пайдалану үшін жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақтары ретіндегі тұрғын үй құрылыс жинақтаушы банк шоттарындағы ақшаға;

4. нотариалдық депозит шарты бойынша салынған ақшаға;

5. Қазақстан Респуликасының «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақ салымы туралы шарт бойынша банк шоттарындағы ақшаға;

6. банкт шоттарындағы әлеуметтік сақтандыру қорының активтері;

7. уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясынан айырылған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшаларына;

8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және концессиялар саласындағы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындарды өтеуге несиеленуге арналған банк шоттарындағы ақшаға.

Көптеген жағдайларда сот орындаушысының шақыруымен немесе сот шешімін ерікті түрде орындағаны туралы хабарлама бойынша борышкер сот орындаушыға келуден бас тартады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 35-1 бабында: «Борышкер аталмыш Заңның 67 бабының 1 тармағының 8) тармақшасы бойынша көзделген шақыруға дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда, сондай ақ атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылу үшін сотпен санкцияланған сот орындаушының дәлелді қаулысы бойынша мәжбүрлеп жеткізіледі.

Борышкер қол қоюдан бас тартқан жағдайда, қаулыда ескертпе жасалынады.

Аталмыш баптың 5 тармағында, «Кәмелет жасқа толмағандар, жүкті әйелдер, сондай-ақ дәрігердің куәландыруына жататын денсаулығына байланысты келе алмайтын немесе өздерінің тұрғылықты жерінен кете алмайтын сырқат адамдар» деп көрсетілген.

Бұл орындау туралы қысқаша түсініктеме, 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы басқа да өзгерістер мен толықтырулар бар, олармен ресми жариялаушылар мен веб-сайттарда таныса аласыз.

 

Ж. Дюсенаева,

«Сот актілерін орындау жөніндегі

Баянауыл ауданының аумақтық

бөлімі» филиалының

басшысы-аға сот орындаушысы

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы