Заңға өзгертулер енгізілді!

Жарияланған: 13.01.2020


           Құрметті Баянауыл ауданының тұрғындары! Баянауыл ауданының прокуратурасы заңнама новеллаларын түсіндіру мақсатында 2019 жылдың 27 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға Мемлекет басшысымен қол қойылғандығын хабарлайды.

            Аталған заң Мемелекет басшысының тапсырмасы зорлау, браконьерлік, мал ұрлығы, есірткі тарату, қорықшылық қызметі, және өсімдіктер мен жануарлар дүнйесін қорғау жөніндегі инспектордың өміріне қол сұғу, мас күйінде көлік жүргізу, сондай-ақ басқа да бірқатар қауіпті құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуді іске асыруға бағытталған.

            Мәселен. ҚР ҚК 120-бабы зорлау және 121-бабы Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері баптарында көрсетілген қылмысқа жол берген жағдайда жауапкершілік күшейтілді, яғни аталған баптардың 1- тармағында жаза 3 жылдан 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруды көздесе, өзгертулер енгізілуіне байланысты жауапкершілік 5 жылдан 8 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруды көздеп жауапкершілік күшейтілді және осы баптардың 2 және 3 тармақтарыны бойынша да жауапкершілік күшейтілді.

            Ал, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар бойынша:

            Қылмыстық кодекстің 99 бабы «адам өлтіру».

            Аталған бапқа жас өспірімдерге қатысты адам өлтіру бойынша жаңадан 3-тармақ қосылып, аталған тармақтың талаптары бойынша адам өлтіру орын алған жағдайда жауапкершілік 20 жыл немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланатын болады.

Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы жауапкершілікті күшейту бойынша бірқатар нормалар көзделген. Олар отбасында зорлық-зомбылыққа ұшыраған азаматтарды қоғауға бағытталған және Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларын жүзеге асырады.

            Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін санкция күшейтілді. «Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер» ӘҚБтК-нің 73-бабында қамауға алу мерзімі 3 тәуліктен 5 тәулікке дейін ұзартылды. ӘҚБтК-нің 73-1-бабы «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» «1-1»-тармақпен толықтырылды.

            Бұдан басқа, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 64-бап «1-1» тармағыменнда, Кодекстің 73, 73-1 немесе 73-2-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған адамдарды, егер олар жәбірленушілермен, өтініш берушілермен, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянның орнын толтырса, сот әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін.

            Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 188-1 «Мал ұрлығы» және 299-1-баптармен «Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» Заңдары толықтырылды және ондағы жауапкершілік күшейтілді.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы