Өз балаңа үлгі бол!

Жарияланған: 12.09.2018


Біздің мемлекетіміз балалардың денсаулығын қамтамасыз етуге, олардың тәрбиесі мен білім алуына орасан зор күштер мен құралдарды жұмсап, отбасы проблемаларын жіті назарда ұстайды. Отан мүддесі үшін өскелең ұрпақтардың еңбек және зияткерлік әлеуетін дамыту міндеті еліміздің мемлекеттік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. «XXI» ғасырдағы Қазақстандағы ата-ана:өз балаға үлгі бол Республикалық ата-аналар конференциясы біздің мектепте жалғасын тапты.

Конференцияның мақсаты: мектептің, оқушылардың отбасыларымен жұмысының инновациялық формасын көрсету және бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек көрсету болды. Конференцияға 1- сынып оқушыларының ата- аналары, мектеп әкімшілігі мектепшілік Нұр Отан партиясының мүшесі және пән мұғалімдері қатысты.
Іс- шараның ашылуын мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі С.Бораншы құттықтау сөзін сөйлеп, Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы Орышбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатын оқып берді.Мектеп психологы  А. Каби ата- аналарға «Отбасы мен отбасылық құндылықтарды қолдау жөніндегі Қазақстан ата-аналар қауымдастығының» бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына бейнебаян көрсетіп қажетті кеңестермен таныстырып өтті.

Конференция соңында ата- аналар пікір білдіріп 1-сынып оқушысының ата- анасы  А.Монголбай «Балаларымыздың ақпараттық қауіпсіздік жағдайында оқығанын, берік отбасы, еңбекқорлық, өзі үшін, өз жақындары және өз Отаны үшін жауапкершілік секілді рухани құндылықтарды меңгергенін қалаймыз» деп өз ойын тиянақтады.

 

Үшұлын жалпы негзгі білім беру мектебі

                                                         Педагог-психолог:А.Каби

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы