«Өз балаңа үлгі бол!»

Жарияланған: 12.09.2018


9 қыркүйек - Отбасы күніне орай  мектебімізде отбасы күнін атап өттік. Осы мерекеге байланысты №2 Баянауыл жалпы орта  мектебінде мектеп  психологтары А.М. Алькенова, М.С.Шумейко арнайы  бірінші сынып оқушыларына және 10-11сынып ата-аналарына арналған конференция  өткізілді.

Конференцияны мектеп директоры Ш.И.Мурсалова ашып, ата-аналарды отбасы күнімен құттықтап, Балалардың  құқықтарын қорғау комитетінің  төрағасы  Н.Ә. Оршыбековтың хатын оқыды. Конференцияда аса  маңызды мәселелер  қаралды. Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу, мектеп ортасына  деструктивті діни ағымдар  енгізудің алдын алу, Отбасылық құндылықтарды нығайту, балаға  мектепте  оқуға  бейімделуге тиімді көмек шаралары, баланың өзін-өзі  бағалауын  арттыру.

Конференция бағдарламасында жоғарыда  аталған  проблемаларды шешу бойынша ұсынымдар  ғана берілмеген, сонымен  қатар, Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің  тапсырысы бойынша  жасалған бейнероликтер де көрсетіліп  қамтылған. Бірінші сынып  оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық кеңестер  берілді.

10-11сынып ата-аналарына Конференция бағдарламасында: ҰБТ-ға дайындық және  оны  тапсыру  барысында  жасөспірімге ата-ананың психологиялық көмегі, жасөспірімнің  ақпараттық қауіпсіздігін  қамтамасыз ету интернет тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар, Кәмелетке толмаған балалардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу, Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту, жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Әртүрлі тақырыпта слайд, видиороликтер көрсетілді. 

Жаңа форматта өткізілген конференция ата-аналарға ұнап көңілдерінен шықты. Конференция соңында ата-аналардан сұхбат алынып, өз ойларымен  бөлісіп, пікірлерін жазып қалдырды. Осы бағытта жұмысымыз  жалғасын табады деген ойдамыз.

 

                                                            Мектеп психологтары: А.М. Алькенова

                                                                                                        М.С. Шумейко

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы