Қызықты демалыс!

Жарияланған: 04.07.2019


Жазғы демалысым Баянауыл №2 жалпы орта білім беру мектебінде ашылған «Қызғалдақ» жазғы сауықтыру алаңында өтті. Ерте тұрып лагерьге бару мен үшін қызықты болатын. Атап өтсек,  «Достар күні», «Сыпайылық күні», «Спорт күні», «Күлкі күні», «Сән күні», «Ойын күні», «Кітап күні», «Саяхат күні» тағы басқа тақырыптағы атаулы күндер, қолөнер, робототехника үйірмелерімен танысу іс шаралары өткізіліп, әр түрлі қызықты ойындар ұймдастырылды.  Сонымен қатар Жаяу Мұса өнер мектебіне қонақта болған сәт маған өте қызықты болды. Сабындыкөл, Торайғыр, Жасыбай көліне және Кемпіртас сынды Баянауыл мемелекеттік ұлттық табиғи паркінің көрікті орындарына табиғат аясына саяхат жасадық. Жазғы демалыс қызықты да әсерлі өтті.

Демалысты ұйымдастырған мектеп директоры Шынар Ілдебайқызы Мұрсаловаға, мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі Динара Арғынқызы Тлеубаеваға және  лагерь басшысы Жадыра Зарқынқызы Кошлановаға, сонымен қатар жетекші ұстаздар мен асхана апайларына да алғысымды жеткізгім келеді. Келесі жылы бұдан да қызықты өтеді деп ойлаймын.

Ерсін Мөлдір

№2  жалпы орта білім беру мектебі

«Қызғалдақ» сауықтыру лагерінің демалушысы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы