Қызыққа толы жаз.

Жарияланған: 09.07.2019


       Оқушылар үшін  ең қызықты мезгіл — жаз маусымы. Каникул мерзімінде балалар алаңсыз асыр салып ойнап, бір жасап қалады. Оқушылардың көбі өздері оқитын мектеп жанындағы лагерлерге баратыны белгілі.

       Осындай лагердің бірі-Баянауыл№2 мектеп жанындағы «Қызғалдақ» лагері. Осы лагерге немереміз Нұрасыл барды. Мектеп жанындағы балалар алаңының жұмысы жоспарлы, қызықты өтті. Оқушылар үшін түрлі ойындар ойнатылып, қызықты кештерге қатысты. Кітап әлеміне, ертегілер еліне саяхат жасады. Сондай-ақ, ауданымыздың Қ.И.Сәтпаев атындағы мұражайға, Баянауылдың көрікті жерлеріне, Жасыбай көліне, Торайғыр ауылына саяхат жасады. Одан басқа интеллектуалдық ойындар, «Біз — күннің шуағымыз» атты асфальтта сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Әр күннің өз қызығы, ұмытылмас сәттері мол болды. Немереміз күнде үйге келгеннен кейін лагердегі қызықты сәттерін біздерге әңгімелейді.

Асханадағы тіл үйірер тәтті дәрумендермен толықтырылған ас мәзірі балалар көңілінен шықты. Демалысты көңілді, қызықты, мағыналы өткізуде лагерь тәрбиешілерінің жан-жақты ұйымдастырған саяхаты балаларға ерекше әсер қалдырды.

     «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей,  балалардың жазғы демалыстарының жақсы өтуіне атсалысып, көмек көрсеткен мектеп директоры Ш.И.Мурсаловаға, тәрбие жөніндегі орынбасарлары Д.А.Тлеубаева, А.М.Жылқыбекова, лагерь басшылары Ж.З.Кошланова, А.К.Абикееваға, мектеп психологтарына, топ басшыларына, түрлі үйірмелер жетекшілеріне, дене шынықтыру мұғалімдеріне, жалпы мектеп ұжымына  зор алғысымызды білдіре отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, жақсы, сәтті демалыс және шығармашылық табыс тілейміз.

                                                                                             Баянауыл селосының тұрғындары,

                                                                                                             Айдрахметовтар жанұясы

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы