Қыздар арасындағы баскетбол жарысы

Жарияланған: 25.12.2018


2018 жылғы 21 желтоқсан күні Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебінде аудан көлемінде қыздар арасында  баскетбол жарысы өткізілді. Бұл спорттық ойын саласына ауданымыздың 8 мектебінен командалар келіп, өздерінің спортқа деген ынталарын көрсетті. Оқушылардың спорт саласындағы дайындықтарын қадағалау мақсатында  Баянауыл ауданының білім бөлімінің әдіскері мен мектебіміздің директоры  қатысты.

Әр мектептерден келген командалар бірінен-бірі асқан ойыншылар екенін ойын үстінде дәлелдей түсті. Финал ойынына 8 мектеп арасынан Шөптікөл командасы мен Шадыра командасы сүрінбей өтіп, жарыстың нүктесін қоюға, баскетбол ойынының жеңімпазы атануға таласқа түсті. Баскетбол ойын жарысының нәтижесінде ІІІ орын иегерлері Әблешов Ерланның жетекшілігімен келген К.Кемеңгеров атындағы ЖОББ мектебі, ІІ орынды  Шадыра ЖОББ мектебінің жетекшісі Үкібай Дәурен және арнайы баскетбол кубогінің иегерлері, І орын жүлдегерлері Хұрманбай Тілейханның жетекшілігімен шыныққан Шөптікөл ЖОББ мектебінің қыздар командасы жеңіске жетті.

Сонымен қатар, ойын кезінде шеберлікпен көрермендер назарына түскен ойыншылар «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы», «Үздік жас ойыншы» номинацияларына ие болды. Баскетбол жүлдегерлері әдеттегідей қола, күміс, алтын медальдармен марапатталып, І орын иегерлеріне кубок табысталды, ал жетекшілерге осындай ынталы спорт тарландарын жаттықтырған үшін Алғыс хат берілді және мектебіміздің директоры  Айжамал Советқызы Сартаева жүлдегерлерге қосымша ақшалай сыйлықты табыстады.

Біздің мектепте өткен баскетбол жарысына қатысқан командаларға өз ризашылығымызды білдіреміз, әр командаға баскетбол саласында үлкен белестерді бағындыруға тілектеспіз!

М.Т.Шумақова

білім бөлімнің әдіскері

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы