Құқықбұзушылықтың алдын алу – басты міндет

Жарияланған: 26.10.2018


Баянауыл №2 жалпы білім беру мектебінде тоқсан сайын аудандық кәмелетке жасы толмағандар жөніндегі мектеп инспекторымен бірлескен жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Мұғалімдер мен ИДН қызметкерлері бірлескен түрде мектепке қарасты аймақта сабақты себепсіз қалдырмау мақсатында реид жүргізілді.

    23 қазан күні әлеуметтік педагог Б.А.Оспановтың ұйымдастыруымен  «Мен және қоғам» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімінің полиция капитаны Нурпеисов Асхат Боршикбаевичпен кездесу ұйымдастырылды. Асхат Боршикбаевич өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, өз құқығын қалай білу керек, құқық заңдарын бұзған жағдайда қандай жазалар болатыны жөнінде бірнеше мәліметтер берді. Оқушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ұтымды жауап ала білді.

 

                                                         Тарих пәнінің мұғалімі: Б.А.Оспанов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы