• Меню » Жаңалықтар » «XXI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциясы

«XXI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциясы

Жарияланған: 11.09.2018


Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде қыркүйек айының 8-і күні бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен «XXI ғасырдағы  қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциясы өтті. Конференцияның негізгі  мақсаты: балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу мәселелерінде ата-аналар қоғамдастықтарының қатысуын белсендіру, балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамассыз ету, отбасылық құндылықтарды арттыру және нығайту, құқықбұзушылықтың, деструктивті діни ағымдарды енгізудің алдын алу.

Мектеп  директоры Қайыржан Қырықбесұлы конференцияға қатысушыларға  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатын оқып, сәттілік тіледі.

Конференция бағдарламасында аталған проблемеларды шешу бойынша ұсынымдар ғана берілмеген, сонымен қатар бейнероликтер ұсынылды. Ата-аналарға конференция өте ұнады. Әр мәселе бойынша ата-аналар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойды.

 

 

 

 

 

 

 

Нурумова Динара Бекжигитовна

Ж.Аймауытов атындағы ЖОББМ Педагог- психолог

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы