Введите ваш запрос для начала поиска.

Волейболдан «Жастар кубогы»

Жарияланған: 29.11.2018


1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай аудан жастары арасында волейболдан дәстүрлі «Жастар кубогы– 2018» турнирі өтті.

Турнирдің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, жастардың жігерін жаныды. Әнұранмен рухтанған жастар алдында «Жастар орталығының» жастар ісі жөніндегі инспекторы Мереке Төлеубаев сөз алып, жарысқа жиналған спортшыларды «Тұңғыш Президент» күнімен құттықтады. Ойыншыларға сәттілік тіледі. Елбасы жолдауындағы «Дені сау ұлт» бағытын қолдау, салауатты өмір салтын сақтай отыра келер ұрпақ жастардыда спортқа тарту мақсатында өткен турнир үздіктердің басын қосты.

Жарыс барысында әдемі ойын өрнегін көрсете білген ойыншыларды аудандық сот төрағасының «Үздік байлаушы» номинациясымен Жанайдаров Нұрсипат, аудандық «Нұр Отан» партиясының «Үздік шабуылшы» номинациясымен Қанафия Мақсат, аудан прокурорының «Үздік ойыншы» номинациясымен Белдібаев Алтынбек марапатталса, ішкі саясат бөлімінің «Үздік қорғаушы» номинациясына Абдуев Нұрбол лайық деп танылды.

«Жарыс бар жерде – жеңімпаз бар» дегендей, жарыс қорытындысы бойынша командалар ішінен шебер ойын көрсеткен «Ш.Айманов жастары» үшінші орынды иеленді. Екінші орынды «Баянауыл жастары» еншілесе, 2018 жылғы «Жастар кубогын» «Қызылтау жастары» командасы қанжығысына байлады.

Осындай атаулы жарысқа қатысып және ауданымызда мемлекеттік жастар саясатының іске асуына қолдау көрсеткендеріңізге алғысымды айтамын.

Жастар орталының директоры 
Р.Ильдин

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы