Введите ваш запрос для начала поиска.

Волейболдан турнир өтті

Жарияланған: 23.11.2018


«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 80 жылдық мерейтойына және ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған волейболдан қыздар арасында аудандық турнир өтті. Турнир қорытындысы бойынша 2002-2005 жылғылар арасында І орынды  Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ командасы, ІІ орын Солнечный кенті – 2 командасы, ІІІ орын Солнечный кенті – 1 командасы ұтып алды.

Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ оқушысы Сагынбекова Даметкен «Үздік ойыншы» номинациясын, «Үздік доп жалғаушы» Мукантаева Мадина Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ оқушысы, «Үздік шабуылшы» Бектырбаева Жансая Солнечный кенті-1 оқушысы, «Үздік қорғаушы» Сулейменова Гульдана Солнечный кенті-2 оқушысы, «Үздік тосқауылшы» Тұрсын Алтынай Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы, «Үздік допты ойынға қосушы» Асылбекқызы Риса Майқайың кенті, «Ұздік ойыншы» Геринг Алена Солнечный кенті – 2 оқушысы марапатталды.

2006-2008 жылғылар  арасында І орынды Майқайың кенті командасы, ІІ орын Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ командасы, ІІІ орын С.Торайғыров атындағы ЖОББМ командасы иеленді.

2006-2008 жылғылар арасында «Үздік ойыншылар» атанғандар: Адильхан Айгерім Майқайың кенті, Старадубова Алина С.Торайғыров атындағы ЖОББМ, Төкен Гүлдана Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ.

Үздік ойыншыларды марапаттауға демеушілік көрсеткендер: «Жастар» орталығының директоры Р.Қ.Ильдин, Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ, аудандық білім бөлімі, Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ спорт нұсқаушылары А.Қ.Ермеков, А.Б.Салыков.

Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ

  аға тәлімгер А.К.Жусупбаева

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы