Введите ваш запрос для начала поиска.

  • Меню » Жаңалықтар » «Қуаныш» бөбектер бақшасында «Тұңғыш Президент!» күніне орай тәрбие сағаты өтті

«Қуаныш» бөбектер бақшасында «Тұңғыш Президент!» күніне орай тәрбие сағаты өтті

Жарияланған: 29.11.2018


Баянауыл ауданы «Қуаныш» бөбектер бақшасында, қарашаның 28-ші жұлдызында кезекті «Тұңғыш Президент!» күніне орай тәрбие сағаты «Жұлдыздар» ересек тобы мен «Ботақан» сәбилер тобында өтті. Жас ұрпаққа Президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, сондаяқ елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу мақсатымен өткізілген тәрбие сағаты өз мақсатына жетті.

      Топ іші Елбасының және рәміздердің суретімен безендірілген. Екі топта да тәрбие сағаты әнұранмен басталды. Тәрбиеші тақырыпты ашу үшін бүлдіршіндерге сұрақтар қойып, әңгіме жүргізді. Одан кейін тәрбиеші Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев туралы, яғни еліміздің тұңғыш Президенті жайлы ақпарат беріп, теледидардан бейнебаян көрсетіп, рәміздер белгілерінің мазмұнын  түсіндіріп өтті. Тәрбие сағаты Елбасына  арнап балалардың бал тілімен жаттаған өлең жолдарымен жалғасты. Пианино ырғағына сүйемелденген патриоттық балалар әндері айтылып,  «Өз еліңнің туын тап!» деген дидактикалық ойын да ойнатылды. Осымен тәрбие сағаты қорытындыланып, өз мәресіне жетті.

Тәрбиеші: А. Канышева

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы