Введите ваш запрос для начала поиска.

«Тұңғыш президент күні- тарихи маңызы зор мереке»

Жарияланған: 30.11.2018


Жылбек Ағаділов атындағы мектебімізде кітапханада елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың   «Елі сүйген, елін сүйген елбасы» кітап көрмесі ашылды. Кітапханашы  Д.О.  Мукатова елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы  бейнефильмдерді 3-8-сынып аралығында  көрсетті.  1-11 сынып аралықтарында тәрбие сағаттары өтті. Оның мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып ,білім алған, қызмет еткен  жерлері туралы мағлұмат беру.

Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы құқықтық мәдениеті  қалыптасқан жас ұрпақты ержүректілікке,патриоттық сезімге тәрбиелеу.Атап айтқанда: «Тұңғыш президент күні- тарихи маңызы зор мереке»,Батабаева З.Х., «Елімен бірге елбасы» Айтимова М.К., «Ел басы- ел тірегі» 3-4 сынып  бірлісттік жетекшісі Ж.Х.Қорабаева. «Әлем таныған тұлға» дөңгелек үстел  тәлімгер Батабаева З.Х.,7-8 сыныптар арасында. «Егер мен президент болсам....»  9-11 сыныптар аралығында 9- сынып жетекшісі Н.Р.Кулькашев  өткізсе,  «Елбасы елдікке - құрмет» 7-сынып жетекшісі Қ.Н. Манапова өткізді.   

                                                                                         Бірлік ауылы  Сангожина Г.С.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы