Введите ваш запрос для начала поиска.

Тұңғыш Президент күні аталып өтті

Жарияланған: 29.11.2018


1 желтоқсан, Тәуелсіз Қазақстанда  тұңғыш рет бүкілхалықтық  президенттік сайлау өткізілген болатын. 1991 жылы 1 желтоқсанда еліміздің тағдырлы күндерінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тұңғыш Президенті болып сайланды. 2012 жылдан бастап 1 желтоқсан күні елімізде аталмыш мереке өтуде.  Мереке қарсаңында 28 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы, 28 өрт сөндіру бөлімінің ұжымы  Баянауыл ауданының ТЖБ-мен бірге аудандық орталық кітапхананы көріп қайтты. Құттықтау сөзімен Баянауыл ауданының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау майоры Түсіпов О. сөз сөйледі. Әріптестірді алдағы мерекемен №28 өрт сөндіру бөлімінің бастығы бастығы азаматтық қорғаныстың майоры Изтулин Ж.К., №29 өрт сөндіру бөлімінің бастығы бастығы азаматтық қорғаныстың майоры Тумайкенов Н.С. құттықтап өтті.  Кездесу барысында қызметкерлерге экскурсия, еліміздің Тәуелсіздік алғаннан кейін қалыптасуы туралы көрме көрсетілген болатын.  Елбасы туралы көркем фильм тамашаланды.

Күннің екінші жартысында Тұңғыш президент Күніне және Тәуелсіздік күніне арналған футзалдан турнир өткізілді. Турнирге азаматтық қорғаныстың офицерлер командасы,  28 өрт сөндіру бөлімінің екі құрама командалары және 29 өрт сөндіру бөлімінің командасы қатысты. Ойын барсында турнир жеңімпаздары белгіленді.  Турнир соңында 1 орынға 29 ӨСБ командасы, 2 орынға 28 өрт сөндіру бөлімінің 1 командасы иеленсе,3 орынға азаматтық қорғаудың офицерлер құрама командасы иеленді. Турнир соңында үздік қақпашы номинациясына – 28  ӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғаныстың аға сержанты  Жанайдаров Н., үздік шабуылшы номинациясына  29 ӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғаныстың сержанты Мадиев С. иеленді. Марапаттау рәсіміне азаматтық қорғаныстың ардагері Ибраев Б. қатысты. Ол жарысқа қатысушыларды құттықтап, мадақтамалар мен құнды сыйлықтармен марапатталды.

Құрметті Қазақстандықтар, Баянауыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, №28 ӨСБ, №29 ӨСБ Сіздерді Еліміздің Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!

 

 

О.Т. Түсіпов

Баянауыл ауданының

ТЖБ бастығы

азамттық қорғау майоры

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы