• Меню » Жаңалықтар » «Тәуелсіздік - Мәңгілік ел мұраты» мерекелік іс-шарасы туралы

«Тәуелсіздік - Мәңгілік ел мұраты» мерекелік іс-шарасы туралы

Жарияланған: 21.12.2018


2018 жылғы желтоқсан айының 13-і күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығы және Астананың 20 жылдығына орай С.Торайғыров атындағы Баянауыл аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  «Тәуелсіздік – Мәңгілік ел мұраты» атты мерекелік іс-шарасы салтанатты түрде аталып өтіліп, жұртшылыққа ерекшелікке толы  концерттік бағдарлама ұсынылды. Концертке барлық мекемелердің өкілдері мен ауданымыздың тұрғындары  және облыс орталығынан келген арнайы қонақтар қатысып, аудандық мәдениет үйі көрерменге лық толы болды.

Аталмыш концертте орындалған ән-жырлар, сахналық қойылымдар мен композициялық билер, әдеби монтаждардың барлығы дерлік көрерменге алғаш рет ұсынылған туындылар болды. Концерт Сақ дәуірінен бастау алған ерекше бимен басталып, ел бірлігі мен татулығы үшін күрескен Абылай ханның ұрпаққа қалдырған өсиет сөзі және орындалмай кеткен арманы туралы сахналық қойылым көрсетіліп, ары қарай Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздік алған жылдардан бастап алыс-жақын шет елдердегі қандас қазақ бауырларымыздың тарихи Отаны – Тәуелсіз Қазақстанға оралуына жағдай жасап, бір тудың астына жинап, Абылай ханның орындалмаған армандарын жүзеге асырғаны туралы бейнероликпен жалғасын тапты.

Сонымен қатар, мағынасы мен мазмұны терең  осынау мерекелік салтанатты жиын барысында Баянауыл ауданының әкімі О.Ә.Қайыргелдинов көпшілікті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығы және Астананың 20 жылдығымен құттықтап, ауданымызға еңбегі сіңген сала қызметкерлерін аудан әкімінің дипломдары мен алғыс хаттармен марапаттады. Салтанатты іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілер - «Баянауыл ауданының  дене тәрбиесі,  спорт және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас мамандары Б.Е.Байдүйсен және Н.М.Дәрім ел алдында ант қабылдады. Аудан әкімінің марапаттау рәсімінен соң салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты. Атап айтсақ:  Баянауыл колледж ұжымының Астананың құрылысы туралы көрінісі, аудандық мәдениет үйінің шығармашылық әдіскері Ғалия Сунатуллаеваның «Әриайдай» халық әні, әжелердің шашуы, З.Ақышев атындағы мектеп ұжымының «Қазақ биі», Баянауыл №2 мектебінің оқушысы Әлия Сәтбайдың «Тәуелсіздік»  әні, Аудандық аурухана қызметкерлері Мусина Маржан және Әсел Смагулованың «Елімнің жүрегі-Астана» әні,  «Беу, жігіттер» халық ансамблінің орындауындағы А.Баязитовтың «Мен қазақпын» әні,  Нұрлан Сейітов және Ғалия Сунатуллаеваның отбасылық дуэтінің «Қазағым»әні, Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының  «Еркеназ» би тобының «Құстар» биі, Мәшім Жамбы, Сандуғаш Адамбек және Абылай Мейіржанның орындауындағы ақын Аманжол Шамкеновтың «Менің үнім», Мұзафар Әлімбаевтың «Біз қазақпыз, он миллион халықпыз, Күлаш Ахметованың «Қазағым» атты өлеңдері, Баянауыл ардагерлер ансамблінің «Жаса, Қазақстаным» әні, Баянауыл №2 мектеп ұжымының ұйғыр биі, Көркем Тауфикқызының «Тәуелсіз қазақтың қызымын» әні, аудандық славян орталығының «Родные напевы» ансамблінің попуриі, З.Ақышев атындағы мектебі триосының «Туған жер тағдырым» әні, Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатынының «Ақ көгершін» музыкалық композициясы, З.Ақышев мектебінің «Ұлттардың сәлемдесуі» мен Елмира Салихованың «Рухани жаңғыру» көрінісі, Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының «Достық» биі, «Айбын» тобының шәкірттерімен орындаған «Мен қазақпын» әні өте жоғары деңгейде орындалды.

Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығы және Астананың 20 жылдығына орай С.Торайғыров атындағы Баянауыл аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  өткізілген   450-ден астам көрермен мен 150-дей өнерпаз қатысқан «Тәуелсіздік – Мәңгілік ел мұраты» атты екі сағатқа созылған мерекелік салтанатты іс-шара өте жоғары деңгейде өткізіліп, жұртшылықтың көңілінен шықты. Ең бастысы, аталмыш іс-шарадан Баянауыл халқы рухани азық алып, Тәуелсіз Қазақстанға деген патриоттық сезімге бөленді.

 

С.Торайғыров атындағы Баянауыл

      аудандық мәдениет үйінің

       шығармашылық әдіскері :                Ғалия Нұртазақызы Сунатуллаева

 

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы