Туған өлке тарихы

Жарияланған: 28.06.2019


         Тұңғыш Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және  онымен ұштасқан «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларының өзекті мәселелерінің бірі туған жер бағдарлмасы,   тарихты тану – ұрпақ борышы, қазақ елінің рухани, мәдени құндылығы еліміздің өткен – кеткен тарихы, ата – бабаларымыздан қалған дәстүріміз бен салтымыз, ғұрпымыз бен туған тіліміз. Еліміздің   тарихын біліп, ұлыларымызды ұлықтап, ұлттық құндылығымызды сақтап, құрметтеу әр қайсымыздың борышымыз, міндетіміз.

         Осы мақсатта алтынды алқап Майқайың кентінің тарихына арналған «Майқайың – Үшқұлын өлкесі шыр шертеді» атты тарихи – танымдық сағаты 5-8 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Шара барысында оқушылар  қойнауы кенге бай өлкенің 1895 жылдан бастау алған тарихымен танысып, қазырғы уақыттағы Майқайың кентінің экономикалық және әлеуметтік дамуына тоқталып, Үшқұлын ауылымыздын тарихынан кен көлемді мәлімет алды, онда «Керегетас» руднигі, «Әк тас» зауыты, Қазақстан темір жолы және ауылымыздың инфроқұрылымы жайлы айтылып, слайд арқылы көрсетілді.

 

Кітапханашы: Сагынтаева Гүлзайра Мұқатайқызы

        

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы