Тұтынушыларға электр энергиясын есепке алу!!!

Жарияланған: 10.03.2020


«Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы №43 бұйрығымен регламенттелген өзгерістер 2020 жылғы 23 ақпанда қолданысқа енгізілді.

Осы бұйрықпен келесі нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

- 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 Электр энергиясын пайдалану қағидалары;

- 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидалары;

- 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттары.

Бұйрық келесі өзгерістер мен толықтыруларды көздейді:

- тұтынушының электрмен жабдықтау шартына физикалық қол қою қажеттілігін болдырмау;

- тұтынушыға (жеке және заңды тұлғалар) «бір терезеге» электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу үшін құжаттарды тапсыру мүмкіндігі»;

- электрмен жабдықтау жүйесіне қосу үшін құжаттар санын қысқарту;

- энергиямен жабдықтаушы ұйымды ауыстыру үшін тұтынушы жағдайын жақсарту;

- техникалық шарттарды алу үшін мерзімдер мен құжаттарды қысқарту;

- тұтынушының энергия беруші ұйыммен жобалық құжаттамасын келісу бойынша норманы алып тастау;

- тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасында төлем құжаттарын беру-алу қағаз құжат айналымын қысқарту;

- тұтынушы тарапынан тұтыну шарттары бұзылған кезде қайта есептеу шарттарын жақсарту (қайта есептеу өшірусіз жүргізіледі).

 

ҚР ЭМ Атомдық және энерегттік қадағалау

және бақылау комитетінің Павлодар облысы

бойынша аумақтық департаменті

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы