Түркістанға саяхат

Жарияланған: 06.11.2018


     Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында  2018жылдың 29-қазанынан 4-қараша аралағында  күзгі каникул уақытында оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында арнайы жоспар құрылып жоспар бойынша оқушылар «Бір апта» ауылда, «Бір апта» қалада, «Бір апта» фермада жобасы бойынша демалды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президентті – Елбасының «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа  саяси бағыты» атты  Жолдауы шеңберінде жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінген,  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және ілім» кіші бағдарламасындағы «Өлкетану» жобасын  жүзеге асыру мақсатында    Мектеп-интернат директоры Досмаганбетова Салтанат Сейтжанқызының басшылығымен,  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сакенова Ғалия Тоқпайқызының ұйымдастыруымен ата-аналардың қолдауымен  Түркістандағы қасиетті жерлерді аралап  өздеріне рухани байлық алып,  Арыстан баб кесенесі, Укаш ата кесенесі, Қожахмет-Яссауи кесенесіне барып құран бағыштап, естелік суреттерге түсіп қайтты. Оқушыларымыз осындай саяхатқа дән риза.

                                                          Ш.Айманов атындағы ЖОББ мектеп-интернатының

директордың тәрбие  жөніндегі орынбасары

Саликова Елмира Мергенбайқызы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы