• Меню » Жаңалықтар » Терроризмнің алдын алу бойынша оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді

Терроризмнің алдын алу бойынша оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді

Жарияланған уақыты: 10.07.2019


10 шілде күні Баянауыл ауылында орналасқан Ш.Айманов атындағы мектеп интернаты ғимаратында терроризмге қарсы күресті күшейту және мемлекеттік органдардың, әр саладағы ұйымдардың өзара байланысын арттыру мақсатында Баянауыл ауданының терроризмге қарсы оперативтік штабының терроризмнің алдын алу бойынша оқу-жаттығу жұмыстары өткізді.

Аталған шара күш құрылымдарының лаңкестікке қарсы күрес дайындығын арттыруға, террорлық әрекеттердің жолын кесу механизмдерін пысықтауға бағытталды.

Бейбіт күнде ел ішіне бүлік салғысы келген топты бұғаттауды мақсат тұтқан бірлескен антитеррорлық оқу-жаттығу жұмыстары барысында ұрыс алаңына барлау және бақылау жүргізу, дәл соққы беру, қарсыластың маңызды нысандарына шабуыл жасап, оны жою, аудандық жағдайда ұрыс қимылдарын жүргізу сияқты тактикалық эпизодтан тұратын тәжірибелік іс-қимылдар пысықталды.

Терроризмнің алдын алу бойынша оқу-жаттығуды ұйымдастырушылардың тарапынан Баянауыл ауданы бойынша шараға қатысушылардың дайындығы тиісті деңгейде екені аталып өтті.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы