Тарихи тамырымызбен мақтанамыз!

Жарияланған: 12.01.2019


Асқар Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған.                                  

                                                («Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласынан) 

 

            Халқымызда «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз», деген ұлағатты сөз бар. Тарих-бұл халықтың бүгіні мен болашағын айқындайтын бірден-бір маңызды көрсеткіш.Сондықтан да тарихын ұлықтап, ата-бабалар салған сара жолды ұстанған халық қана кемел келешекке нық сеніммен қадам басары анық. Бабалар мұратын жалғастырып, ел аманатын арқалап келе жатқан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ең алдымен болашақ ұрпақтың тәрбиесіне бағытталып отыр.                                                    

         Мақала «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылады. Ол «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімдерден тұрады. Президент бұл жолы ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайына кеңінен тоқталып, жас буынды ұлттық тәрбие мен сусындату керектігін айтқан еді.

         Мақаланың кіріспе бөлімінде,  атқа міну мәдениеті бізден басталғанын ерекше атап өткен. Атқа мінгенде қолайлы болу үшін шалбарды да бабаларымыз ойлап тапқан.Ер-тұрман мен үзеңгіні пайдалану сол кездегі өркениет үшін төңкеріспен бірдей бағаланған.Дәуіріміздің І ғасырына дейінгі Ұлы далада біздің бабаларымыздың үстемдік құруы, осындай алып территорияны иеленіп қалуымыз да атқа міну мәдениетін шебер меңгеруіне байланысты болып отыр.

Ұлы даланың әлемдік өркениетке қосқан үлесі өте зор екендігі даусыз.Батыс пен Шығысты, Оңтүстік пен Солтүстікті жалғаған Ұлы Жібек жолы тек қана сауда-саттықты ғана өркендеткен жоқ. Осы жол арқылы мәдениеттер тоғысып, ол ғылым мен білімнің дамуына үлкен үлес қосты.     

 Мақаланың екінші бөлімі алдағы уақытқа бағыт- бағдар береді. Елбасы төл тарихымызды саралап, 6 тапсырма жүктеді. Оның ішінде «Архив -2025 жыл» атты  жеті жылдық бағдарламасын жасау, туркологтардың дүниежүзілік конгресін ұйымдастыру, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар мұражайын ашу сынды тарихи және маңызды міндеттер жүктелді.Бұл мақалада  терең ой, құндылықтарды  бағалай білу, халық әлеуетіне зор сенім, ерік Елбасының мақаласында орынды айтылған.                                                   

         Біз,  мектеп ұжымы осы мақалада көтерілген мәселелерді шешуге қандай үлес қоса аламыз?- деген сұрақ бәрімізді толғандыруы керек. Халықтың  оқушылардың тарихи санасын жаңғыртуға, яғни жастарға ұлттық тарихтың маңыздылығын терең оқытуға ықпал етуіміз қажет. Мақаладағы ұсыныстарды жүзеге асырсақ, онда өз ұлтымыздың, тіліміздің, дініміздің, ата –бабамыздың тарихын сақтай  аламыз. Мызғымайтын мемлекеттің мәртебесін биіктете берудің  маңыздылығын болашақ ұрпақтың зердесіне сіңіру –бүгінгі таңда ұстаздар  қауымының басты міндеті деп білеміз . Осы орайда,  Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беру мектебінің  ұстаздар қауымы мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты  мақаласын талқылау мақсатында  дөңгелек үстел өткізген болатын.Бұл шараға қатынасқан мектеп ұстаздары: «Тарихымыз бен түп-тұқиянымызды түгендеп, оны одан әрі тереңдете түсуде Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы баға жетпес құнды дүние  деген пікірлерін білдірді. Сонымен қатар бұл мақалада  қазақ даласына ежелден тән болып  келген биік өлшемдер нақты түрде тұжырымдалған. Ұлы даланың  қырлары мен далалық өркениет тарихи шындықпен айшықталған»,- деген пікірлерін білдірді.Кешегі айтқан рухани жаңғыру,ұлттық код идеяларының жалғасы болған мақаламен мектеп ұстаздары толық танысты. Келешек ұрпақты тәрбиелеуші  ретінде ұстаздарға жүктелген міндеттерді  де терең түсінеді.Ұлы даланың мұрагері болу- үлкен жауапкершілік екенін түйсіне отырып,мақалада көтерілген мәселелерді жүзеге асыру мақсатында   мектебімізде  ауқымды бағдарлама жоспарланды. Барлық сыныптарда тәрбие сағаттары, талқылау шаралары болып өтті.Сонымен қоса бағдарламаны іске асырлу барысында 10-11 сыныптар арасында «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында  бейнекөрсетілім  ұйымдастырылды, 8-9 сыныптар арасында «Ұлт  тарихындағы кеңістік пен уақыт» тақырыбы ортаға салынып, талқыланды.  Ұлттық құңдылығымызды дәріптеу,  келешек ұрпақтың бойында ұлттық сананы   қалыптастыру- басты  мақсатымыз.

          Мектеп ұстаздары  «терең тарихымызды түгендеп, келешектегі ел игілігіне айналатын осынау бағыт –бағдары айқын мақаладағы мәселелердің жүзеге асуы жолында бар күш-жігерімізді жұмсап, аянбай еңбек етуіміз керек» деген байламға келді.

 

 

 

З. Ақышев атындағы жалпы білім беру

 мектебінің тарих пәнінің

мұғалімі Байдильдина Асель Абухасенқызы

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы