Танымдық экскуссия

Жарияланған: 10.04.2019


2019 жылдың 8 сәуірінде Баянауыл ауданының судьясы Даньярова Сауле Хайрбековнаның арнайы шақыртуымен Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының оқушылары, ДТЖО Е.М.Саликова және аға тәлімгер А.К.Жусупбаеваның қатысуымен бірінші рет аудандық сот мекемесіне экскурссияға бардық. Экскурссия мақсаты: өскелең ұрпақ мамандықты дұрыс таңдай білуіне ықпал ету және құқықтық тәрбие беру.

Эксукрссия барысында судья С.Х.Даньярова дұрыс мамандық таңдау қаншалықты маңызды екенін және судья қызметіне қалай қол жеткізгені жайлы, Қазақстандағы сот билігі, сот төрелігі, судья мәртебесі, «Сот жүйесінің 7 тасы» жобасын, қазылар мен билер соты туралы әңгіме тарқатты. Сот билігі өзіне азаматтардың, олардың бірлестіктерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқықтармен заңды мүдделерін қорғайды.  Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының бүкіл Қазақстан аумағында міндетті күші болады.

Жалпы экскурссия оқушылардың көңілінен шықты. Өйткені балалар көкейінде жүрген сұрақтарына нақты жауап ала білді. Судья процессі қалай өтеді және қандай жерлерде өтеді, бәрімен таныс болдық. Мамандық таңдау өте жауапты қадам, сондықтанда қазіргі күннен бастап, кім боламын деген сұрақтың жауабын білу керекпіз. Сонымен қатар әр азамат яки азаматша өз құқықтарын біліп, соттың әділдігіне сенім артуымыз қажет деп білемін.

                                             Ш.Айманов атындағы ЖОББ мектеп-интернатының

                                                            ДТЖО- Саликова Елмира Мергенбайқызы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы