Талай алыпты туған батыр аналар аман болсын!

Жарияланған уақыты: 07.03.2019


Ана деген бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербейді. Осы сөздің астарында қаншама мағына жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыста аталарымыз елі үшін, жері үшін қан төккенде, ақ жаулықты апаларымыз тылда жүріп, еңбек етіп болашақ ұрпақты өсіруде өздерінің орасан  зор үлестерін қосқаны баршамызға аян. 
      Бұл тарих қойнауына кіріп бара жатқан дүние. Десе де өткенді бағаламай, болашақты болжау қиын. Осы орайда Қаратомар ауылдық округінің әкімі Ксентаев Ардақ Ануарбекұлы 8 наурыз аналар мейрамы қарсаңында округ аумағында тұратын тыл ардагерлерін, алтын алқа иегерлерін үйлеріне барып, құттықтап, өзінің құрметін көрсетіп, сый-сияпатын жасады. Ақ жаулықты апаларымызда ауыл әкіміне өз ризашылықтарын білдірді. 
      Талай алыпты дүниеге әкелген апаларымыз, аналарымыз әрқашан аман болсын! 

Р.Бибалинов 
Қаратомар ауылы 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы