«Syn’g’y’rla, son’g’y qon’yray’!»

Жарияланған: 27.05.2019


Мамыр айының жиырма бесінші жұлдызы - соңғы қоңырау... Бұл  мереке ата-аналар үшін қуанышты күн болса, түлектер үшін қимас балалық шақпен қоштасу күні. Бұл күні республиканың түкпiр-түкпiрiндегi мектептерде соңғы қоңырау үнi сыңғырлап, жаңа да жауапты өмiрге аяқ басқан түлектер алтын ұя мектептерiмен қоштасады. 

2019 жылдың мамыр айының 25-жұлдызында Ж. Ағәділов атындағы орта мектепте дәстүр бойынша «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың  алтын ұя мектебімен қоштасуы,білім ордасына деген шын ықыластарын білдіруі,білім  берген ұстаздарға, тәрбие берген ата-аналарға  деген шын алғыстарын білдіру. 11-сынып оқушылары салтанатты түрде кезекпен ортаға шақырылғаннан кейін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы кіргізіліп, әнұран орындалды. Жиын басында мектебіміздің директоры Қожанов М. Т., ауылымыздың әкімі Аманжолов А. А., аудандық ... Каримова Г. Қ. құттықтау сөз сөйледі. Түлектер хормен мектепке арнап, мұғалімдерге арнап әндер орындады, ардагер ұстаздар мен мектеп ұстаздарына гүл шоқтарын сыйға тартты.

11-сынып оқушысы Заркым Аида мен сынып жетекшісі Рахметова Р. М. «Прощание со школой» атты ән орындады. Кейіннен, мектеп бітіруші түлектер білімнің кілтін  9-сынып оқушыларына табыс етті. Ізбасарлары өздерінің аға-апаларына арнаған кішкене сый-сыяпаттарын сыйға тартты. Рахметова Р. М. пианинода композиция орындап, 11-сынып оқушылары өз ата-аналарын биге шақырды.

Іс-шараға 5,10,15,20,25,30,35 және 40 жыл бұрын бітіріп кеткен түлектер келіп қатысып, өз лебіздерін білдіріп, ұстаздары мен мектепке арнап бағалы сыйлықтар сыйлады. Іс-шара жалғасын тауып, 11-сынып оқушылары «Қоштасу вальсін» билеп, сынып жетекшілері Рахметова Р. М. деген өз лебіздерін, алғыстарын білдіріп арадағы байланыс іспетті лентаны қию арқылы өздерін босатуды сұрады. Жиын соңында, «Қош бол, мектебім!» атты ән орындалды. Жас түлектерге сәт сапар, ақ жол тілейміз!

Жас тілші,

Нескенова Амина,

Бірлік ауылы

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы