Ұстазым – ұлағатым, қарттарым - қазынам!

Жарияланған: 04.10.2018


Қазан айының 2-сі күні Майқайың балалар өнер мектебінде қарттар және ұстаздар күніне орай мерекелік кеш өтті. Кешке мектепте көптеген жылдар бойы қызмет жасап, аталмыш мектеп іргесінен зейнетке шыққан  қадірлі де ұлағатты зейнеткер мен   қарт  ұстаз мұғалімдер шақырылды. 
Жылдар бойы халқына  қызмет етіп осы күні адал еңбегінің арқасында  құрметті демалысқа шығып зейнеткер болған ұстаздарды мектеп шаңырағы ешқашан ұмытпайды,ерекше сағыныш сезімімен аңсап іздейтіні сөзсіз.Зейнеткер ұстаздардың да шәкірттерін,еңбек еткен мектебін  сағынып кездесуді қалайтыны айқын.

Келешектің иесі - жас ұрпақты тәрбиелеудегі қиын да қызықты, ізгі де адал  еңбектерінің жемісін жиып осы күні құрметті демалыста отырған ұлағатты ұстаздарменен мерекелік кеш өте әсерлі өтті. Ардақты қарттар және  ұстаздармен кездесуді мектеп оқушылары мен қызметтік ұжым  өте қызықты және мазмұнды қылып өткізе білді. 

Бұл кездесуде шырқалған  тамаша жүрек жарды әсем әндермен , күмбірлеген күй, мектепішілік өнерпаздарымыз  ұстаз мерейін көтеретін өлең жолдары кешке ерекше сән келтірді.

Бағдарлама барысында ұлағатты зейнеткер мұғалімдерге кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтар табысталды. 
Кәсіподақ атынан ұстаздарға арнайы жасалған ақ дастархан,оқушылардың өнері, кездесуге келген қарт ұстаздар жүрегіне  шынайы мейірімділік  пен жылылық  отын жаға білді.

Шақырылған ардақты ұстаздардың  бұл іс-шараны ұйымдастырушыларға білдірген алғыстары мен ризашылықтары шексіз мол болды. 

Майқайың балалар өнер мектебінің 
тәрбие ісінің меңгерушісі Ғ.Х.Хабдраш 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы