Ұстаз ана, аялайтын барша жан

Жарияланған: 09.10.2018


Ұстаз - ұлағатты ұғым. Ұстаз - қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі - Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

Үшқұлын жалпы негізгі  білім беру мектебінде мұғалімдер күніне арналған мерекеліс іс-шара «Ұстаз ана, аялайтын барша  жан» атауымен өтті. Ұстаздардың төл мерекесі қарсаңында оқушылар тамаша әндерімен, билерімен өлең жолдарымен ізгі ниеттерін, ыстық ықыластарын білдірді. Меркелік концертте ерекше дайындалған «Ер-Алаш» жайдарман командасының көңілді әзілдері өте қызықты болды. Мұғалімдер қауымы  бір жасап, демалып қалды. Мерейлі мерекеде осы бір айтулы оқиғамен барлық әрбір шәкіртті білім тұңғиығына нәр алдырып, қажырлыққа, ізгілік пен адамгершілікке баулып, табандылық пен еңбек етіп жүрген  ұстаздар қауымына әріптестер еңбектеріңіз жемісті, істеріңіз сәтті болсын демекпіз.

Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебінің

Педагог-психологі Каби А.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы