• Меню » Жаңалықтар » Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына орай құрылған этноауылда 27 киіз үй тігілді

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына орай құрылған этноауылда 27 киіз үй тігілді

Жарияланған уақыты: 15.07.2018


Баянауыл ауданының Торайғыр ауылының маңында өткен тойға үш мыңға жуық адам жиналды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының 13 ауданы мен қалалары әрқайсысы бір киіз үйден тікті. Қалған үйлер Баянауыл аудандарының тұрғындары тарапынан қойылды. Той қонақтарына арналып алты бақан орнатылып, мерекелік сауда ұйымдастырылды, қазақтың ұлттық ойындары қазақ күрес пен тоғызқұмалақтан сайыс өткізілді. Демалыс күндерін Баянауыл тауларында өткізуге бел байлағандардың қатарында Павлодардан өзге де облыстың тұрғындары болды.

- Тойдың өтетіндігі жөнінде бізге достарымыз айтқан болатын, - деді қарағандылық Қайырбек Жоламанов. – Біз ойланбастан осы жаққа бет алдық. Барлығы ұнап жатыр. Ұлдарым тауларда керемет демалыс өткізді. Көлге де шомылдық. Сұлтанмахмұт Торайғыров – тек ақын емес, қазақтың маңдайына біткен ұлы.

Тарихи тұлғаны туған жерінде ұлықтап, мұраларын қастерлеп сақтап отырғандары қуантады. Барлық ниет білдірушілер бауырсақ пен қымыздан дәм татты. Павлодарлық дәмнен қазақтың ұмыт бола бастаған 50 тағамын қалыпқа келтірген этнограф Әйгерім Мусагажинова да ауыз тиді.

Оның айтуынша, қазақ ас мәзірі – бешбармақ пен бауырсақтан ғана тұрмайды.

- Ол өте көптүрлі, - деді «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері. – Біздің қалыпқа келтірген әр рецептіміздің өз мағынасы бар. Мысалы, ер адамдар ғана дайындап, өздері қоректенген тағам түрі бар. Өзге тағамдар жанұя ішінің байланысын көрсетеді.

Мысалы, анасы мен қызының, енесі мен келінінің және тағы да басқа. Баянауыл ауданында ақынның мерейтойын тойлау алдында Сұлтанмахмұт Торайғыровқа жыр жолдарын арнаған жазба ақындар арасында мүшәйра өткен болатын. Аталмыш байқаудың жеңімпаздары онлайн дауыс беру нәтижесінде анықталып, этноауылдың басты сахнасында есімдері аталды. 

Бас жүлдеге Шығыс Қазақстан ақыны Рауан Қабидолдин қол жеткізді. Бірінші орын шымкенттік Батырхан Сарсенханға бұйырды. Екінші орынды астаналық Қарлығаш Қабай мен Ұнтыл Зарыққанұлы бөлісті. Үшінші орынға алматылық Айдана Майсарбекқызы, көкшетаулық Қайрат Сейтқазин және біздің жерлесіміз Жарқынбек Амантай табан тіреді.

 Дулат Райымбек Фото: Валерий Бугаев pavlodarnews.kz

Материалдардың www. www.pavlodarnews.kz веб-сайтынан алынған

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы