Введите ваш запрос для начала поиска.

Шоқ жұлдызды еске алу кеші

Жарияланған: 16.11.2018


Оқушыларды  қазақ халқының музыкалық мәдениетімен таныстыру, оларға шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау мақсатында  сонымен қатар,  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының туған өлкенің тарихын тану бағытында Павлодар облысынан шыққан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-сазгер Естай Беркімбаевтың 150 жылдығына орай мектебімізде әдеби кеш өтті.  Ұлттық құндылықтарымызды оқушы ойында қалдыру мақсатында Естайдың өмір жолы мен шығармашылығынан мазмұнды таныстырылым көрсетіп,  әндерін тыңдаттық.

Әйгілі «Құсни-Қорлан» әнінің аңызға айналған  шығу тарихы оқушыларды бейжай қалдыра алмады. Кеш  оқушылардың, ұстаздардың өз толғаныстарын ортаға салумен жалғасты.

Қаражар ауылы,

Б.М.Ахметова

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы