Введите ваш запрос для начала поиска.

  • Меню » Жаңалықтар » Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебі бойынша Тәрбие сағатын ұйымдастыру туралы ақпарат

Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебі бойынша Тәрбие сағатын ұйымдастыру туралы ақпарат

Жарияланған: 30.11.2018


Үшқұлын  жалпы  негізгі  білім  беру  мектебінде 1-4 сыныптар аралығында  « Елбасы-ел тірегі » тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Елбасы туралы слайд түрінде мәліметтер көрсетіп, балаларға көптеген мағлұматтар айтылды. Сынып сағаты екі топқа бөлініп өткізілді. Еліміздің рәміздерін таныстырдым, олар Ту, Елтаңба және Әнұран. Оқушыларды Ту және Елтаңба деп екі топқа бөліп, көптеген тапсырмалар және ойын түрлері сұрақ-жауап түрінде өтті. Ашылуы Еліміздің Әнұранымен тәрбие сағатын аштым. Әр топ Астанымыздың бет бейнесі « Бәйтерек »,  « Ақ Орда » суреттерін құрастырып, әр топ басшысы қорғап алып шықты. Бейнебаян көрсету арқылы балаларға көптеген мағлұматтар берілді. Екі топ Н.Н.Әбішұлына арналған өз тілектерін, армандарын қағаз бетіне түсірді. Нұрсұлтан Назарбаевқа арнау өлеңдерін айтты. Сұрақ қою арқылы балалар көптеген мәселелердің шешімін, жауабын таба білді. Өз түсінгендерін постерға жазып және «Мен-президент болсам...» -деп балалар армандап, өз ойларын айтты. « Елбасы-ел тірегі » тақырыбында өте қызықты, әрі әсерлі, тартысты өтті.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы