Введите ваш запрос для начала поиска.

  • Меню » Жаңалықтар » Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебі бойынша Тәрбие сағатын ұйымдастыру туралы ақпарат

Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебі бойынша Тәрбие сағатын ұйымдастыру туралы ақпарат

Жарияланған: 29.11.2018


Үшқұлын  жалпы  негізгі  білім  беру  мектебінде 5-9 сыныптар аралығында  « Елбасы-ел тірегі » тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Еліміздің Әнұранымен тәрбие сағатын аштым. Елбасы өмірбаяны туралы бейнебаян көрсетіліп,балаларға көптеген мағлұматтар берілді. Балаларға көптеген мағлұматтар айтылды. Сынып сағаты дөңгелек үстелде өткізілді.

Еліміздің рәміздерін таныстырдым, олар Ту, Елтаңба және Әнұран. «Елбасы-ел тірегі» тақырыбына оқушылар эссе жазды және оқушылар өз ойларын, пікірлерін ой талқыға түсірді. «Мықты ел болып қалыптасу» үшін «Ел болашағы кімдердің қолында» тақырыбында оқушылар арсында пікірталас, сайыс өткізілді.

Елбасына арналған өлеңдер, тапсырмалар және ойын түрлері сұрақ-жауап түрінде өтті. Екі топ Н.Н.Әбішұлына арналған өз тілектерін, армандарын қағаз бетіне түсірді. Нұрсұлтан Назарбаевқа арнау өлеңдерін айтты.

Сұрақ қою арқылы балалар көптеген мәселелердің шешімін, жауабын таба білді. Өз түсінгендерін жазып және « Мен-президент болсам...» -деп балалар армандап, өз ойларын айтты. «Қазақтай ел қайда» әнін оқушылар хормен шырқады. « Елбасы-ел тірегі » тақырыбында өте қызықты, әрі әсерлі, тартысты өтті.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы