• Меню » Жаңалықтар » Шәкәрім атындағы аудандық көркемсөз оқулары байқауы туралы

Шәкәрім атындағы аудандық көркемсөз оқулары байқауы туралы

Жарияланған: 14.03.2019


Мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту жөніндегі 2019 жылға арналған аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес Шәкәрім атындағы аудандық көркемсөз оқуларының байқауы өткізіліп, үздік шыққандар мадақтамалармен және бағалы силықтармен марапатталды.

Автордың бір поэзиялық және прозалық туындысынан үзіндіні мәнерлеп жатқа оқу тапсырмасы негізінде байқаудың аудандық сарапшылары көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне,  мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударылып, оқылатын мәтін көлемі 5 минуттан аспау шартына, дайын фонограммаларды пайдаланбау, таңдап алған мәтіндерді жатқа білу талаптары аясында  жүргізілді.

Байқауда бас жүлдеге Шадыра мектеп-балабақша оқу тәрбие кешенінің оқушысы Қали Роза Рымбайқызы, бірінші орынға Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Сандуғаш Бауыржанқызы Адамбек, екінші орынға Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Тоқтамыс Нұрлым Ертөстікқызы мен Әлкей Марғұлан атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Кәрімжан Нұрай ие болып, үшінші орынға Майқайың №2 жалпы білім беретін орта мектептің оқушысы Мерей Касенова,   Баянауыл №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Мержоева Румиса мен Үшқұлын жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Анес Айсұлу жайғасты.

Шәкәрім атындағы облыстық  көркемсөз оқуларына жолдама алған Шадыра мектеп-балабақша оқу тәрбие кешенінің 11-сынып оқушысы Қали Роза Рымбайқызы Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығынан «Қалқаман-Мамыр»  дастанын жатқа айтуда ерекше білім қорын, байқау талаптарына сай жоғары дайындық көрсете  білді.

 

 

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

Бауыржан Адамбеков

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы