Введите ваш запрос для начала поиска.

Шаңырақ жобасы

Жарияланған: 28.11.2018


«Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Жылбек Ағаділов

атындағы жалпы орта білім беру мектебі»

коммуналдық  мемлекеттік мекемесі

 

Шаңырақ жобасы

 

Киіз үй - «Атамыз-Алаш, керегеміз-ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ – мекені. Солай бола тұрса да оны қастерлеп ұстап, ғасырдан-ғасырларға оның мән –маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.

Біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер, мәдениет сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады.

    «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Бағдарламалық жобасы шеңберінде ағымдағы жылы облыс мектептерінде қазақ ұлттық киіз үйлерін құру арқылы қазақ мәдениетінің дәстүрін кейнету және ұлттық шығармашылық дамыту мен қайта жаңғыртуға бағытталған «Шаңырақ» жобасы бастауын алып, іске асыруда.

     Бұл жоба оқушылардың дәстүрге деген дұрыс ұстаным қалыптастырады. Сол арқылы түп –тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, салт – дәстүрлеріміздің жас ортада жаңғыртылуына мүмкіндік береді.

Осыған орай, Жылбек Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Киіз үйді өз қолымызбен жасаймыз» атты  кигіз үйлердің үлгісі жасалды. Оған мектебіміздің оқушыларымен бірге ата-аналарыда ат салысып, белсенді қатысты. Ең алдымен кигіз үй үлгісі қалай жасалынатыны туралы мәлімет ала отырып, оның түрлерімен танысты. Әр сынып түрлі заттарды қолданып,  өз кигіз үй макетін жасады. Осы макет жасау барысында өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.

 

 

 Жылбек Ағаділов атындағы жалпы орта

білім беру мектебінің ДТЖО: Сангожина Г.С.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы