Введите ваш запрос для начала поиска.

«САЯТШЫЛЫҚ – ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ АҢШЫЛЫҒЫ»!

Жарияланған: 21.11.2018


Ұланы мен қыранын баптау жағына келгенде, жер-жаһанда қазақтан асатын халықты табу қиын. «Ұлым қыран болсын, қыраным ұран болсын» деген бабаларымыз сан ғасырлар бойы осы ұстанымды берік ұстанып, ардақ тұтып келіпті. Түптеп келгенде, саятшылық бабаларымыздың сүйексіңді салт-дәстүрі. Ұлы Абай «Құсты жисаң – бүркіт жи, Құс тоныңды түлкі етер. Бұлғын, сусар киініп, Азбас, тозбас мүлкі етер» дегенде, қыранның қасиетін жақсы білді. Ендеше Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  «САЯТШЫЛЫҚ – ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ АҢШЫЛЫҒЫ»! кездесу өтті. Кездесуге 5-10сынып оқушылары және ұстаздар қатысты.

     Осы кездесуге,  құстың «тілін» білетін және оның мінез-құлқын, жан-дүниесін, қасиеті мен табиғатын білетін адамдар бұрын көп болған. Қазіргі таңда біздің елімізде де құсбегілер баршылық.  Солардың бірі біздің киелі Баянаула елінің тумалары  құсбегілеріміз  Иманзай     Матанұлы , Бақытжан Зекенұлы  келді.  Саятшылар мен аңшылардың тағы бір сенімді серігі – тазы болған. Салмағы жеңіл, әрі ұшқыр да, жүйрік тазыларды иесі күтіп-баптап, таза жылы жерде ұстап аңға шыққан. Сондай аңшыларымыздың бірі- Мақсұтбек Өмірбекұлы да болды. Кездесу барысында оқушыларға құсбегілік туралы жан-жақты айтып берілді. Оқушыларымыздың қойған сауалдарына толықтай жауап беріп, слайд көрсетті.

      Қазақ қыранды баптап, құмай тазыны жүгіртумен шектелген жұрт емес. Зерек­тігі мен зерделігінен шығар, құстың да, иесіне адал иттің де «тілін» білген. Қыран болар балапанды қиядан, ұшқыр тазыны ұядан таныған.

      Иә , саятшылық – нағыз дамытатын кәсіп. Оған жастарды тарта білу – аға ұрпақ парызы. Рас, қазақ – қыраннан қырағылықты, тұлпардан тектілікті бойына сіңірген халық. Ендеше, осындай ұлы өнерден қуат алған халық үшін ендігі парыз – өресін танытқан өнерді дәріптеу, келешек ұрпаққа қасиетін бұзбастан, аманат ету яғни  ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу міндетіміз. Кездесу сонында оқушыларымыз құсбегілерімізбен, бүркіттермен фотоға түсіп, риза болды.

 

                              Ш.Айманов атындағы ЖОББ мектеп-интернатының

                              Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары

                              Саликова Елмира Мергенбайқызы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы