«Saptyqbaiqay’»

Жарияланған: 04.05.2019


Жылбек Ағәділов атындағы орта мектепте мамыр айының 3-жұлдызында Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Хакимов Б. Д. 5- 9-сыныптар аралығында, әскери-патриоттық айлығы аясында және Ұлы Жеңістің 74-жылдығына орай, әскери ән және сап байқауын ұйымдастырды. Сыныптарды дайындаған 11-сынып оқушылары. Байқауда  мектеп  директоры  Қожанов М.Т., оқу ісінің меңгерушісі Махамбетова М. Қ. және хатшы Рахметова Ә. сайыскерлерге төрелік етті. Саптық байқау саптық жүріс дағдыларын, пәрменге сай дұрыс әрекет етуге, бірігіп жұмыс жасауға дағдыландыру, саптық жинақылықты қамтамасыз ету мақсатында өтті. Топтар бірдей киім үлгілеріне, тәртіптеріне, бірдей қадам басуларына және ән орындауларына қарап бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша, мектебіміздің директоры Қожанов М. Т. 5а,5ә, 7-сынып оқушыларына қатысқандары үшін алғы сайтса, ал  8-сынып, 9сынып, 6-сынып оқушыларын жүлделі орындарымен құттықтап, мадақтамалармен марапаттады. Алдағы уақытта да осы жағынан дағдыларын жетілдіре беруге тілек білдірді.

Жас тілші,

Нескенова Амина,

Бірлік ауылы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы