«Рәміздер – еліміздің мақтанышы».

Жарияланған: 05.06.2019


Сәтбаев ауылдық округінде Сәтбаев ауылының Шадыра мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінде мектеп пен ауыл кітапханашыларының ұйымдастыруымен 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне арналған танымдық сағат өткізілді. Оған жазғы демалыс сауықтыру лагеріндегі оқушылар қатысты.

Іс-шараның мақсаты:балалардың Қазақстан туралы білімін бекіту, "азамат" ұғымын қалыптастыру, Отанға және мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау туралы түсініктерді дамыту, өзінің көпұлтты елі - Қазақстан Республикасы үшін сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Шара барысында оқушылар қазақ елінің әнұранын орындады. Кітапханашылар оқушыларға Мемлекеттік рәміздер туралы түсінік бере отырып, оларды қастерлеп құрметтеу бәріміздің парызымыз екендігін ұғындырды. Оқушыларға еліміздің рәміздері туралы, оның авторлары жайлы мағлұмат берілді. Оқушылар «Қазақстан» және «Бәйтерек» атты екі топқа бөлініп, рәміздердің суреттерін салды. «Елтаңба», «Әнұран», «Байрақ» сөздерінен сөз құрастырды.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» атты слайд арқылы викториналық сайысқа қатысты. Сұңғат Мақсат Т.Молдағалиевтің «Әнұран», Тулешов Батырбек«Көк туым», Маулен Камшат «Елтаңбасы елімнің», Қали Ерасыл«Мен қазақ баласымын», Макашева Ақниет Р.Ниязбектің «Көк байрақ», Маулен Зейнеп Р.Бекбергенованың «Әнұраным» өлеңдерін жатқа оқыды. «Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік символы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қысқаша шолу жасалды.

Жақсыбаева Данаш Санатқанқызы

Сәтбаев ауылы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы